Роналду Қатардағы мундиалда кім чемпион болатынын айтты
Роналду Қатардағы мундиалда кім чемпион болатынын айтты
3,496
оқылды
Бразилиялық әлем чемпионы Роналду Қатардағы мундиальдың басты фаворитін атады, деп хабарлайды Vesti.kz. Турнирдің финалына дейін форвард Бразилия мен Франция командалары финалда кездесетіндігін айтқан еді. "Осы жарыстағы әр ойын сайын Франция алтынға үміткер екендігін дәлелдеп келеді. Менің ойымша дәл осы ұжым әлем біріншілігінің басты фавориттері саналады. Олардың шабуылы да қорғанысы да мықты. Мбаппе әлемнің үздік футболшысы атануы мүмкін. Кезінде доп тепкен өзіме ұқсатам. Өз потенциалын қалай пайдалану керектігін жақсы біледі. Әріптестеріне де жақсы пастар бере алады", - дейді Роналдо. Еске салайық, жартылай финалда Марокко мен Франция және Хорватия мен Аргентина құрамалары кездеседі.