– Облыс әкімдігі облыстық прокуратурамен бірлесіп елді мекендердегі жайылым жерлердің пайдалануына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 683 мың гектар жайылым жер жетіспейтіні анықталды. Мәселені жүйелі түрде шешу үшін 5 бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жер кодексіне сәйкес, ауылдық округ теңгеріміне босалқы жерлер санатындағы 225,0 мың гектар жайылым жерлерді елді мекенге беру жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ ортақ жайылым жерлердің пайдалануға беріліп кеткен бөлігі елді мекендерге қайтарылуда. Елді мекендер аумағына 5 шақырым радиуста жақын орналасқан есебінен 199,6 мың гектар жайылым жерлерді ауылдық округтерге бекітіп беру басталды. Мал басы көп тұрғындардың малын орман қоры жеріне шығару да ұйымдастырылуда. Бүгінде орман қорындағы 1 042,4 мың гектар жайылымға 242,9 мың мал басы шығарылды. 2021 жылы игерілмеген және заң талаптарын бұза отырып, пайдаланудағы 252,3 мың гектар жайылым жерлердің 106,3 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылса, биыл 153,5 мың гектар жер қайтарылды, – деді басқарма басшысы.Жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерінің жағдайын жақсарту мақсатында биыл 16,2 миллиард теңге бөлініп отыр. Оның 8,3 миллиард теңгесі республикалық, 7,9 миллиард теңгесі жергілікті қазынадан қаралған. Бөлінген қаржылар есебінен 9,4 шақырым жол қайта жаңғыртылып, 605,2 шақырым жолдар орташа жөндеуден өтуде. Облыс әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Мақашевтың айтуынша, бөлінген қаржылар ішінде 1 миллиард теңге жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жолдарды қысқы - жазғы күтіп ұстау жұмыстарына жұмсалады екен.
– Жобалардың жүзеге асырылуы – жергілікті тұрғындардың көлікпен қатынауын жақсартумен қатар, өңірдің көліктік логистикасы инфрақұрылымының дамуына да орасан зор үлесін қосып отыр. Жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 97 пайызды, ал елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткіш 82 пайызды құрайтын болады, – деді Н.Мақашев.Жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында «Жол активтерінің сапа орталығымен» келісімшарт жасасуға жергілікті бюджеттерден жалпы 119,0 миллион теңге бөлінді. Сапа орталығымен бірлескен 557 зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 1 195 сынама алынды. Нәтижесінде, 152 кемшілік анықталып, жұмыс тәртібінде жою бойынша шаралар қабылданды. 2025 жылға дейін «АМАNАТ» партиясының сайлауалды платформасында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 621 шақырым жергілікті маңыздағы автожолдарды орта жөндеумен қамтып, қанағаттанарлық деңгейін 99,5 пайызға жеткізу көзделген екен. Міне, осылайша партияның сайлауалды бағдарламасында бекітілген бастамалар бағдарлы бағытын тауып, жемісін беруде. Бұл, әрине жетекші партия жоспарының бағыты айқын екенін айғақтайды. Партия алдағы уақытта да халық үшін қалтқысыз қызмет ете беретініне бек сенімдіміз.
Жамбыл облысы