Хромтау ауданында 5 адам атыс қаруынан жараланған
Хромтау ауданында 5 адам атыс қаруынан жараланған
270
оқылды
Ағымдағы жылдың 20 ақпанында сағат 22:10-да Хромтау қаласының ОАА-на бытыралы оқпен жараланған 5 адам келіп түскен. Жедел-тергеу тобы жедел - тергеу тобы құрылып, бір тәулік ішінде жедел іс-шаралар жүргізу барысында үш күдікті адам анықталып, ұсталды, олар мойындады, - делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, қылмыс жасалғаннан кейін, күдіктілер Хромтау ауданы Бөгенсай ауылының маңында орналасқан "Орь" өзені көпірінің астында 16 калибрлі екі аңшы мылтығын жасырған. Екі кеспе және күдіктілер отырған Ресей есебіндегі Ваз-2114 автокөлігі тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.