Міржақып туралы фильм эфирге шығады
Міржақып туралы фильм эфирге шығады
665
оқылды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Мір­жақып. Оян, қазақ!» телехикаясы 16 желтоқсанда эфирге шығады. Тарихи туындыда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының қоғамдық-саяси қызметі, сол дәуірде басты ұранға айналған «Оян, қазақ» шығармасы жарыққа шыққан кезең суреттеледі. 6 бөлімді тарихи туындыда Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылу тарихы таспаланған. Сондай-ақ Алаш ардақтысының ұлт-азаттық көтерілістен кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары да көрініс табады. Жан жары Ғайнижамал екеуінің махаббат хикаясы да баяндалады. Тарихи туынды 16-17 желтоқсан күндері 18:00-де Qazaqstan телеарнасынан эфирге шығады. Телехикаяның саундтрегін «Алатау серілері» орындайды. «Алаш маршының» әні мен сөзін Міржақып Дулатұлының өзі жазған.

А.ЖОЛДАС