19 желтоқсанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
19 желтоқсанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 19 желтоқсанда сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын» деп жазылған өкім мәтінінде.