Қайрат Сатыбалдыұлы колонияда жұмыс таппай жүр  
Қайрат Сатыбалдыұлы колонияда жұмыс таппай жүр  
Фото: arasha.kz
1,227
оқылды
Алты жылға сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын өтеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Tengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында Қайрат Сатыбалдыұлы абақтыда жұмыс таппай жүргені жазылған. Ол жазасын Өскемендегі №22 қауіпсіздігі орта колонияда өтеп жатыр. Оны Өскеменге биыл қазанда апарған. Әкімшілік өкілдері сотталушының мінездемесін әлі жасамаған, себебі ол заңмен белгіленген ең төменгі мерзімді өтемеген.
«Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметін реттейтін құқықтық актілерге сәйкес, сотталушының мінез-құлық дәрежесі мен тұлғалық ерекшеліктері мекемеде тоғыз айдан кейін қалыптасады. Сотталған Қайрат Сатыбалдыұлының тәртіптік жазасы жоқ», – делінген ОКЖ төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиевтің қол қойылған ресми жауабында.
Сондай-ақ оның әлі жұмысқа орналаспағаны, денсаулығы туралы ақпарат құпия. «Қазір сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы №22 мекеменің кәсіпорындарында бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа орналасқан жоқ. Денсаулық сақтау кодексіне сәйкес, медициналық қызметкердің жеке медициналық деректері, медициналық көмекке жүгіну дерегі, адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер және оны тексеру және емдеу кезінде алынған басқа да мәліметтер медицина қызметкерінің құпиясы», – делінген ресми жауапта. Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлының 230 миллион доллар тұратын асыл тастары елге қайтарылғанын хабарлаған болатынбыз.