Абай облысында суицид жасаған балалар оқыған мектеп директоры қызметінен шеттетіліп, сынып жетекшісі жұмыстан шығарылды
Абай облысында суицид жасаған балалар оқыған мектеп директоры қызметінен шеттетіліп, сынып жетекшісі жұмыстан шығарылды
Абай облысы Жарма ауданы Ақтайлақ би жоғары сынып оқушыларының қорқытуына байланысты 9-сынып оқушылары бір уақытта суицид жасаған еді. Осы оқиғаға байланысты  мектеп директоры қызметінен шеттетіліп, сынып жетекшісі жұмыстан шығарылды.  Жарма аудандық білім бөлімінің мәліметінше, Айқын есімді 9-сынып оқушысы таңертең өз үйінің қорасында асылып қалған.Осы оқиғадан кейін арнайы құрылған мобильді топ екі күн бойы мектепте жұмыс істеді.
«Айқын бұл мектепте бірінші сыныптан бастап оқиды. Көпбалалы отбасында тарбиеленген ол бес баланың тұңғышы. Отбасының тұрмыстық жағдайы жақсы. Айқынның бұрын өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері болмаған», - делінген ақпаратта.
Ал суицид жасамақ болғанда құтқарылып қалған оның сыныптасы 11-сынып оқушысымен ерегесіп, төбелескені белгілі болды. Қазіргі уақытта мектеп директоры қызметінен шеттетіліп, сынып жетекшісі жұмыстан шығарылды.
«Сынып оқушыларын әңгімеге тарту барысында Айқынның барлық сыныптасымен сыйластықта болғандығы анықталды. Өзгеге әрдайым көмекке келуге дайын болып, бәрінің көңіл күйін көтеруге тырысатыны айтылды. Кішіпейіл, адамгершілігі мол, әділ, карапайым ретінде сипатталды. Әрдайым сабаққа дайындалып келіп, өз ойын еркін жеткізетін. Озат оқушы болған ол «Үздік аттестатқа» үміткер еді. Мұғалімдерге ешқашан теріс мінезін көрсетпеген. Мәнерлеп оқудан республикалық байқаулардың, бокстан облыстық жарыстардың жүлдегері», - делінген хабарламада.