Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды
Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды
Фото: ПД-нен алынды
631
оқылды
Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Бір адам жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 20.45 шамасында «Самара-Шымкент» автожолының 1 345-шақырымында, Арал ауданы Шижага ауылының тұсында болды. Mercedes-Benz автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, бір адам жарақат алды. Жол апатының мән-жайын полиция анықтайды. Факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.