Астанада бас шыршаны жағу рәсімі кейінге шегерілді

Астанада бас шыршаны жағу рәсімі кейінге шегерілді

Астанадағы бас шыршаны жағу 19 желтоқсанға шегерілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.

"Шырша 19 желтоқсанда жағылады. Концерттік бағдарлама кешкі сағат 18.00-де басталады", - деді елорда әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.
Еске салайық, бұған дейін бас шырша 18 желтоқсанда EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы монументінің жанында жағылатыны хабарланған еді. EXPO аумағында шырша орнату жұмыстары басталып кетті. 15-16 желтоқсанда Жаңа жыл символы жаңажылдық әшекейлермен безендіріледі.