СҚО-да газ баллоны жарылып, үй иесі қайтыс болды

СҚО-да газ баллоны жарылып, үй иесі қайтыс болды

СҚО-ның Тайынша қаласында газ баллонын пайдалану ережесін бұзу салдарынан қайғылы жағдай болды. Қала тұрғыны далада тұрған газ баллонын үйге кіргізген. Жылы жерге кіргізгенде баллон жарылып, газ тұтанып кеткен. Үй өртенген. Ал 36 жастағы үй иесі ауруханаға жеткізілген. Денесінің 60 пайызын күйік шалған. Төтенше жағдай 6 желтоқсанда болған. Алты күннен кейін зардап шеккен ер адам алған жарақатынан көз жұмды. Ресми мәліметке сәйкес, бір апта ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 25 өрт тіркеліп, 3 адам қайтыс болған. Бұдан бөлек, 4 адам жарақат алған. Мәселен, Есіл ауданындағы Николаевка ауылында жекеменшік үй өртеніп кетті. Оқиға орнында 81 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ал Новоселовка ауылында 40 жастағы ер адам қайтыс болды. Оның пеші де қатты қызып кеткен. Соның салдарынан өрт шыққан.