Күйік шалып, ауыр халде жатқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды
Күйік шалып, ауыр халде жатқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды
Фото: gov.kz
784
оқылды
Мемлекет басшысының атынан ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен берілді, – деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетілетін болады. Сонымен қатар, Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасыларына жалпы сомасы 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды. Астаналық өрт сөндірушілер батылдық танытып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды. А. Забикулиннің денсаулық жағдайы ауыр, екінші науқас – орташа дәрежеде деп танылды. Сонымен қатар, Президент қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин І дәрежелі "Айбын" орденімен, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян кемпіров ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер оның жағдайын айтып, үшінші бүйрек салынғанын мәлімдеген болатын.