Астанада жатақхана өртеніп, 2 адам зардап шекті
Астанада жатақхана өртеніп, 2 адам зардап шекті
Елордада  ауданы 150 шаршы метр болатын жатақхана өртенді.
«16 желтоқсан күні сағат 13.44-те Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Алматы ауданы Балқантау көшесі, 137 мекенжайына барды. Құтқарушылар оқиға орнына 4 минутта жетті және екі қабатты коттедждің жатақхана ретінде қайта жабдықталғанын анықтады. Онда жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын шатыр мен үй төбесі өртенген», - делінген қалалық ТЖД хабарламасында.
Өртті сөндіруге 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау сағат 14.27-де өшірілді. Оқиға салдарынан 1971 жылы және 1994 жылы туған екі адам көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жеткізілді.