Алматыда бірқатар маршруттың автобустары жаңарады
Алматыда бірқатар маршруттың автобустары жаңарады
492
оқылды
Алматыда кейбір маршрутта автобустар жаңартылады. Медеу ауданында орналасқан Каменское плато, Ақтөбе ауылы, Қайың тоғайы, Таужолы шағынаудандары мен Соғыс ардагерлері госпиталі маңында тұратын тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру үшін 2022 жылдың 20 желтоқсаннан бастап келесі маршруттарда жаңа автобустар шығады: №5 маршрут «Қалдаяқов – Жібек жолы көшесі мен Ақтөбе ауылы», №5а «Қалдаяқов көшесі – Жібек жолы көшесі – Соғыс ардагерлері госпиталі», №5б «Жібек жолы көшесі – Соғыс ардагерлері госпиталі», №5в «Қайың тоғайы –Достық даңғылы - Оспанов көшесі», №26 «№7 қалалық аурухана – Экологиялық пост». Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, соңғы айларда аталған маршруттарда жоспарлы жылжымалы бірліктің жолға шығуы 50% дейін төмендегендіктен, маршруттарды Иссузу Н-40 маркалы жаңа 19 автобуспен қызмет көрсететін «Сапаршы» ЖШС тасымалдаушы компаниясына беру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, №5 маршрутқа 4 жылжымалы бірлік, №5а мен №5в маршруттарына 2, №5б маршрутына 3 және №26 маршрутқа 5 автобус шығару қарастырылған. «Қалалық мобилділік басқармасы қызмет көрсету сапасын арттыру мен жүріс жиілігін арттыру бағытында бірқатар шара қабылдап жатыр. Маршруттарда туындаған мәселелер кезең кезеңмен шешімін табатын болады»,- деп атап өтті ведомстводан.