Қырғызстанмен шекарада 100-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр

Қырғызстанмен шекарада 100-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр

Қазақстанмен екі арадағы бақылау-өткізу бекетінің алдында көлік кептелісі пайда болды, - деп хабарлайды Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі. «Чон-Капка-автодорожный» бекетінің алдында Қырғызстаннан шығу үшін 25-ке жуық жеңіл және 20-ға жуық жүк көлігі кезекте тұр. Ал «Ақ-Тілек-автодорожный» өткізу бекетінің маңында шекаралық бақылау үшін 100-ге жуық жүк көлігі тұр. Бұл жинақтау жанар-жағармай тасымалдайтын жеңіл автокөліктер санының артуына байланысты.

«Шекара бақылауында 97 жүк көлігі кезекте тұр. Жоғарыда аталған өткізу пункттерінде көліктердің жиналуы жанар-жағармай тасымалдайтын көліктердің көбеюімен байланысты», - деп хабарлады шекара қызметі.
Ведомствода бақылау-өткізу бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Айтпақшы, мұндай жағдайлар бұл жерде жиі қайталанып тұрады. Жанар-жағармай таситын жүргізушілер кезексіз өтуге тырысып, кептеліс жасайды.