"Бурдж Халифа" зәулім ғимараты Қазақстан Туымен безендірілді
"Бурдж Халифа" зәулім ғимараты Қазақстан Туымен безендірілді
389
оқылды
Әлемдегі ең биік ғимарат саналатын, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі 828 метрлік "Дубай мұнарасы" - "Бурдж-Халифа" Қазақстан Туының бейнесімен безендірілді. Қазақтың көк байрағын бейнелеу - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтауы. Оның видеосы "Бурдж Халифаның" Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Музыкалық сүйемелдеу ретінде Қазақстанның Әнұраны  таңдалды.
"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Бурдж-Халифаның" алауын жағып жатырмыз. Оларға амандық пен бейбітшілік тілейміз", - делінген видеоның сипаттамасында.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Burj Khalifa by Emaar (@burjkhalifa)