Жәнібек Әлімханұлының жеңісі жыл нокаутына үміткер атанды

Жәнібек Әлімханұлының жеңісі жыл нокаутына үміткер атанды

Top Rank промоутерлік компаниясы жыл нокауты атағына үміткерлерді ұсынды. Олардың қатарында Жәнібек Әлімханұлының жеңісі де бар. Биыл мамырда қазақстандық боксшы ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды екінші раундта нокаутқа түсіріп, Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) тұжырымы бойынша орта салмақта "уақытша" әлем чемпионы атанған еді. Осы нокаут Top Rank нұсқасы бойынша үздіктердің қатарына енді.