Жәнібек Әлімханұлы Top Rank компаниясын сынға алды
Жәнібек Әлімханұлы Top Rank компаниясын сынға алды
166
оқылды
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Top Rank промоутерлік компаниясына ескерту жасады, - деп хабарлайды Prosports.kz
«Маған бұл постер ұнамайды. Мен бірінші тұруым керек. Менің есімім бірінші тұруым қажет», — деді Әлімханұлы (9-0, 5КО).
Оған америкалық Роб Брантқа (26-2, 18КО) қарсы жекпе-жектің ресми постері ұнамаған. Оны бұған дейін Twitter-де Top Rank промоутерлік компаниясы жариялаған еді. Әлімханұлы компания басшысы Боб Арумға жаңа жекпе-жек туралы ойлай беруді ұсынды, себебі Брантқа қарсы кездесу оңай өтеді деп санайды. Сондай-ақ, қазақстандық боксшы биыл қыркүйекте екінші орта салмақта WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 KO) кездесуді қалайтынын айтты. Әлімханұлы – Брант жекпе-жегі 26 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтеді.