Жаңа жыл қарсаңында бірден арықтау денсаулыққа зиян - дәрігер
Жаңа жыл қарсаңында бірден арықтау денсаулыққа зиян - дәрігер
602
оқылды
"Атлас" емханалар желісінің терапевті тез арықтаудың зияны туралы айтты. Дәрігер Ольга Александрова Жаңа жылға қарай бірден арықтаудың қауіпті екенін мәлімдеді. Терапевттің айтуынша, көмірсуларға немесе майларға бай тағамдардан бас тарту, дене қатты күйзеліске ұшыраған кезде энергия тапшылығына әкеледі. Мұндай тағамнан бас тартқан кезде денсаулығыңыз нашарлап, ас қорыту жүйесінің жұмысы бұзылады. Сонымен қатар тез салмақ тастау денеден артық суды шығару арқылы жүреді, бұл болашақта қайта салмақ қосуға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ бірден арықтау көбіне терінің салбырауына және әжімдердің пайда болуына әкеп соқтырады. Дәрігер сүт, сарымай, авокадо және балық құрамындағы майлар денсаулыққа пайдалы деп есептейді, сондықтан олардан бас тартуға болмайды.