Әнді тыңдарман қауым жылы қабылдап, орындаушының дауысын жоғары бағалаған.
«Өте әдемі, құтты болсын!»: Димаш Құдайберген күйеу баласына қолдау білдірді (видео)
128
оқылды

Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы, актер, әнші Ермахан Аймаханның жаңа әні жарық көрді, – деп жазды Aikyn.kz.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жариялады.

Ән "Тағдырыма кел" деп аталады. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Раушан Құдайбергенмен бірге түскен видеоны бөлісті. Кадрларда ерлі-зайыпты би билеп, романтикалық әсер сыйлайды. 

Әнді тыңдарман қауым жылы қабылдап, орындаушының дауысын жоғары бағалаған.

Халық әртісі Димаш Құдайберген де пікір жазып, қолдау білдірді.

"Өте әдемі ән! Құтты болсын, алтындарым", - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.