Ақтөбе маңында жол апатына ұшыраған 8 баланың жағдайы белгілі болды
Ақтөбе маңында жол апатына ұшыраған 8 баланың жағдайы белгілі болды
689
оқылды
17 желтоқсанда облыс орталығындағы волейбол жарысына бара жатып, жолда апатқа ұшыраған 8 баланың жағдайы туралы Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасы айтты.
– "Сағат 12-ден бастап бізге Ақтөбе-Шұбарқұдық тасжолының Қарақобды аймағындағы жол апаты болған жерден сегіз бала жеткізілді. Жарақат алған төрт адамның жағдайы орташа ауыр, төртеуінің жағдайы өте ауыр. Төрт бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Біреуіне ота жасалды. Екіншісіне ота жасалып жатыр", – деді бас дәрігер Ербол Жапахов.
– "Барлық балаларды травматологтер, хирургтер, нейрохирургтер, жақ-бет хирургтері және реаниматологтер тексерді. Қосымша бөлім меңгерушілері, хирургтер, травматологтер және нейрохирургтер шақыртылды. Дәрігерлер ата-аналармен байланыста болып, балалардың жағдайын, қандай көмек көрсетіліп жатқанын хабарлап отырады", – деп қосты бас дәрігер.