Атырау облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Атырау облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Атырау облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды. Қаракөл ауылының 24 жастағы тұрғынының із-түзсіз жоғалғаны қараша айында хабарланған болатын. 20 қараша күні ауыл тұрғыны үйінен шығып, қайтып оралмаған. Оны іздеуге алдымен Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция күштері жұмылдырылды, кейіннен «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ тікұшағы қосылды, бірақ бәрі нәтиже бермеді, біраз уақыттан кейін іздеу жұмыстарының белсенді кезеңі қысқартылды, - деп жазды «Ақ Жайық» газеті. Бір айдан кейін із-түзсіз жоғалған адамды ​​далада қойларын іздеп жүрген бақташы тауып алады. Оның денесі Қаракөлден 22 шақырым жердегі Өмірәлі деген жердегі бейіттердің арасынан табылды.