«Өте тартысты матч күтіп тұр. Екі құрама да өліспей беріспеу режимін қосады. Десе дегендей ойын төрешісі – Шимон Марчиняк. Пенальтиді асқан сақтықпен белгілеп, оңайшылықпен қызыл қағаз көтермейтін төреші. Соған сай ойыншылар барынша дөрекі ойнайды. Оған қоса сары қағазға да сараң екенін білеміз. Қызығы, ол Франция - Дания, Аргентина - Австралия ойынына төрелік еткен. Екі кездесуде финалдық жұп жеңіске жеткен-ді. Сондықтан ақырғы ойында кімнің басым түсетіні бәріне қызық. Мұндай маңызды матчта топ ойыншылар шешуші рөл атқаратынын да ұмытпаған абзал. Аргентинада Месси, Францияда Мбаппе мен Жиру, Гризманн тағы бар. Меніңше, ойын нәтижесі 2:0 немесе 2:1 есебімен Аргентинаның пайдасына шешіледі», - дейді спорт журналисі Шамкен Байырбек.Көпшілікті «Месси әлем чемпионы атана ма, әлде Франция екі мундиаль қатарынан кубок иеленген құрамалар қатарына кіре ме?» деген сұрақ мазалайды. Бұл сұрақтың жауабы 21:00-де Қазақстан және Қазспорт арнасында белгілі болады.
Айбике Жанасыл