АҚШ Сенаты мемлекеттік қызметкерлер пайдаланатын құрылғыларда TikTok-қа тыйым салуды көздейтін заң жобасын қабылдады. «Мемлекеттік құрылғыларда TikTok-қа тыйым салу туралы заң» жобасы Сенатта бірауыздан қабылданды. Енді жоба Өкілдер палатасында талқылануға жіберілді. Заң жобасын қабылдау себептерін жазған SlashGear платформасына сілтеме жасап, Aikyn.kz оның құқықтық салдарын түсіндіреді.
[caption id="attachment_232728" align="aligncenter" width="1225"]
Ұсынылған тыйым қысқа бейнені бөлісу қолданбасын «АҚШ немесе мемлекеттік корпорация шығарған кез келген құрылғыда» орнатуға және пайдалануға тыйым салады.Дегенмен, білікті ғылыми қызметкерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнетін сценарийлерге бірнеше ерекшелік жасалады. Мұндай ерекше жағдайлар үшін агенттіктер алдын ала тәуекелді азайту хаттамаларын жасауы керек. [caption id="attachment_232729" align="aligncenter" width="1225"]
АҚШ – TikTok-тың ең құнды ауқымды нарығы. Алабама және Юта штаттары қауіпсіздік мақсатында мемлекеттік құрылғылардағы TikTok-қа заң Сенатқа енгізілген күннен бастап тыйым салды.Штат губернаторы Кей Айви Twitter-де жариялаған мәлімдемесінде «ТикТок өз пайдаланушыларынан үлкен көлемдегі деректер жинайды», бірақ оның көп бөлігі оның негізгі бейне бөлісу функциясына еш қатысы жоқ екенін айтты. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Техас, Оклахома, Оңтүстік Каролина, Мэриленд және Оңтүстік Дакота штаттарында осындай тыйымдар бар. Федералды қызметкерлерге TikTok-ты қолдануға тыйым салуы айсбергтің бір төбесі ғана. [caption id="attachment_232730" align="aligncenter" width="1225"]
The Washington Post газетіндегі мақаласында Рубио үкімет «тым кеш болмай тұрып, бұл ықтимал шпиондық бағдарламаға тыйым салуы керек» деп мәлімдеген.Қараша айында Федералды тергеу бюросының директоры Кристофер Рэй Өкілдер палатасының ішкі қауіпсіздік комитетіндегі тыңдауда TikTok ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін айтқан.