Әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі көтеріліп, жалақысы артады

Әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі көтеріліп, жалақысы артады

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі қайта қаралып жатыр. 

«Әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін нақтылап, жалақысын арттыру – күн тәртібіндегі мәселе. Қазір бізде халықты әлеуметтік қорғау бойынша 5 топ жұмыс істеп жатыр. Соның бірі әлеуметтік қызметкерлердің жағдайын қарастырады. Ол жерде мәртебе беру және жалақыны арттыру, сол сияқты әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін көтеру қамтылады. Сонымен қатар, олардың міндетіне кірмейтін функцияны алып тастау мәселесі тұр», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.
Оның айтуынша, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін белгілеу және жалақыны өсіру бойынша жұмыс нәтижесі 2023 жылдың бірінші тоқсанында жарияланады.