Шығыс Қазақстанда алдағы үш күнде қар көшкіні жүруі мүмкін  
Шығыс Қазақстанда алдағы үш күнде қар көшкіні жүруі мүмкін  
Фото: spectr.com.kz
6,192
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында алдағы үш күнде қар көшкіні болуы мүмкін. ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметінше, 19-22 желтоқсан аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар. Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, қар жауып, желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Сондықтан тұрғындарға барынша абай болуды, тауға шықпау керегін ескертеді. Қиындыққа тап болса, «112» нөміріне қоңырау шалу керек. Сондай-ақ құтқарушылар алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.