Астана тұрғындары жарықтандырудың болмауына байланысты жолды жауып тастады
Астана тұрғындары жарықтандырудың болмауына байланысты жолды жауып тастады
198
оқылды
Елордада 8 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабаарлайды Polisia.kz.
«19 желтоқсан күні сағат 17:50 шамасында «Toyota Highlander» автокөлігі Бұқар жырау көшесімен келе жатып, жолдың жүру бөлігін бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол апаты салдарынан 8 жасар бала қалалық ауруханаға жеткізілді және дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде»,– делінген хабарламада.
Оқиғадан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жарықтандырудың болмауына байланысты жолды жауып тастады. Жиналғандарға ішкі істер ораны өкілдері түсіндіру жұыстарын жүргізді.Аталған учаскені жақсарту бойынша жол жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жергілікті атқарушы органға жіберілді.