Шорт-тректен чемпион атанды
Шорт-тректен чемпион атанды
487
оқылды
Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогының чемпионы атанды. Қазақстандық шорттрекші өзіне қолайлы қашықтық – 500 метрден топ жарды. Оңтүстіккореялық Яжан Сунву екінші, бельгиялық Стижн Десмет үшінші орынға ие болды. Бұл – Денис Никишаның биылғы әлем кубогы кезеңдеріндегі төртінші медалі. Осыдан бұрын Солт-Лейк-Сити мен Алматыда 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ кеше Алматыда тағы да 500 метрліктен мәре сызығын үшінші болып кесті.