Маңғыстау облысының тұрғынынан жарты тонна бекіре тұқымдас балық тәркіленді
Маңғыстау облысының тұрғынынан жарты тонна бекіре тұқымдас балық тәркіленді
295
оқылды
Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері браконьерлік фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметтері бойынша, Каспий теңізінің бекіре балықтары жойылып кету алдында тұр. Мұндай қауіпті жағдайдың негізгі себебі - браконьерлік.
Рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Форт - Шевченко қаласының тұрғынының гаражынан жалпы салмағы 500 килограммнан астам 219 дана бекіре тұқымдас балықтарды тауып, тәркіледі, - деп хабарлады ЖП баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолдану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.