Алматының Тергеу соты журналист Михаил Козачковты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.
«Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни, 2023 жылдың 18 ақпанына дейін»,– делінген сот хабарламасында.