Гүлмира Сатыбалдыға қатысты екі фактіні тергеу аяқталды
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты екі фактіні тергеу аяқталды
Фото: adilettv.kz
843
оқылды
Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бірнеше фактіні тергеуді аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Антикоррупциялық қызметтің мәліметінше, Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің, соның ішінде, адам ұрлаумен ұштасқан екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады. Биыл 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді. Г. Сатыбалды, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде. Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді. Г. Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр.