Қазақстандық спортшы гимнастикадан әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық спортшы гимнастикадан әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды
265
оқылды
Аустралияның Мельбурн қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Милад Карими күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды  ҰОК баспасөз қызметі.
Карими гимнастикалық керме бойынша жаттығуын сәтті аяқтап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сондай-ақ, ол қол тіреп секіруде 4-ші, қоссырықта 7-ші орын алды.
Аталған жүлде Милад Каримидің әлем кубогі кезеңіндегі екінші медалі. Кеше еркін жаттығуда ол 14.200 ұпаймен қолаға қол жеткізген болатын. Айта кетейік, Милад Карими 2019 жылғы әлем чемпионатында көпсайыстан Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.