Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды. Бұл туралы Aikyn.kz Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап хабарлайды.
«Биыл 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты» делінген соттың ресми хабарламасында.Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы қазына қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынғанын жазған болатынбыз.