Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? 

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? 

«Қазгидромет» 22-24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жылу мен ылғалдың мол қоры бар атлантикалық циклон әсерінен қар жауып, боран соғады, желдің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісі әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Солтүстік, шығыс пен орталықта ауа температурасы 23 желтоқсанға қараған түні 20-35 градусқа дейін төмендейді. Ал 24 желтоқсанға қараған түні 5-20 аяз болады.