Түркия мен Иранның шекарасында 6 балдық жер сілкінісінен зардап шеккендер бар
Түркия мен Иранның шекарасында 6 балдық жер сілкінісінен зардап шеккендер бар
228
оқылды
Иран мен Түркия шекарасында 6 балдық жер сілкінісі болды, – деп жазады ria.ru. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) хабарлауынша, Иран мен Түркияның шекаралас аумағында 6 балдық жер сілкінісі болды. Бұл – Түркия мен Иран шекаралас аймағында орын алған екінші жер сілкінісі. Иранда алғашқы жер сілкінісі салдарынан 75 адам жараланды, Түркияда 9 адам қаза болды, 37 адам жарақат алды деп хабарлаған еді.