Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды
400
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты 3 республикалық маңыздағы жол бойында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Ауа райының бұзылуына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) Қарағанды облысының 6 республикалық жолына шектеу қойылды. 1. «Екатеринбург-Алматы» 1492-1854 км, Қарағанды – Балқаш қалаларының аралығы. 2. «Екатеринбург-Алматы» 1426-1457 км, Теміртау-Қарағанды аралығы. 3. «Карағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-219 км, Қарағанды-Қарқаралы. 4. «Қызылорда-Павлодар» 967-1066 км, Қарағанды-Молодежный ауылы. 5. «Қызылорда-Павлодар» 762-906 км, Атасу-Топар ауылдары. 6. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» 231-324 км, Павлодар облысы Ботақара ауылының аралығы. Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) «Қалқаман-Баянаул-Үміткер-Керней-Ботақара» тасжолының 0-231 км Қалқаман ауылы мен Қарағанды облысы аралығындағы барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған. Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты «Қалқаман-Баянаул-Үміткер-Керней-Ботақара» автожолының 6-66 км-інде барлық көліктердің қозғалысына тыйым салынған. ШҚО-да қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты «Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын - Қатон-Қарағай – Рахман бұлақтары» автожолының 6-66 км, Ушановское ауылы мен Серебрянск қаласының аралығы.