Қызылорда облысында аққуды ұстап, оны өлтірген аудан тұрғыны ұсталды
Қызылорда облысында аққуды ұстап, оны өлтірген аудан тұрғыны ұсталды
288
оқылды
2022 жылғы 22 желтоқсанда әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба бойынша Қызылорда облысының полиция департаменті жедел түрде тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріштік каналының жағасында болғаны анықталды.
"Оқиға осы күнге дейін полиция департаменті бойынша тіркелмеген. 22.12.2022 жылы жарияланған бейнежазбаны Қызылорда облысы, Сырдария ауданы полиция бөлімі "Ақпаратты есепке алу кітабына" тіркеді",– деп хабарлады Polisia.kz.
Нәтижесінде бейнежазбадағы 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.