Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» аталымымен марапатталды.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 14 жасар Заңғар жылды Еуропадағы үздік 10 теннисшінің қатарында аяқтады.
Биыл З.Нұрланұлы жекелей және жұптық сында екі реттен жарыс жеңімпазы атанды. Оған қоса Франциядағы беделді турнирдің финалына дейін жетті.
«Аталған марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Жыл бойы жақсы өнер көрсетуге тырысып, әр додаға бар күшімді салдым. Өз бапкерлерім мен үлкен қолдау жасаған Қазақстан теннис федерациясына алғысымды айтқым келеді. Алдағы жылы маған жасөспірімдер арасындағы ITF турнирлерінде ойнауға тура келеді. Онда да намысты қолдан бермеймін», - деді Заңғар Нұрланұлы.