Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды.
Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында: «Шымкентке келдік. Мұнда проблемалық нысандарды аралап, әлеуметтік желілерде және Nur Otan-ның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қала тұрғындары көтерген мәселелерді талқылауды жоспарлап отырмын.
Сондай-ақ, алдыңғы сапарларда партиялық бақылауға алынған өтініштердің орындалуын тексеру де көзделуде. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, зиялы қауыммен, жастармен және қаланың басқа да белсенді тұрғындарымен кездесу жоспарда бар», – деп жазды.