Қайырымдылыққа жұмсалады
Қайырымдылыққа жұмсалады
285
оқылды
Қатарда өткен әлем чемпиона­тында төртінші орынға ие болған Марокко құрамасы ФИФА-дан алатын 25 миллион еуро сыйақыны қайырым­дылық мақсатына жұмсамақ. Журналист Халид Бейдунның жазуын­ша, футболшылар сыйақыны түгелдей елдегі кедей балалар мен отбасыларға бер­мек. Валид Реграри жаттықтыратын Марок­ко құрамасының әлем біріншілігінің жартылай финалына дейін жеткен ал­ғаш­қы Африка және араб елі атанғаны белгілі. Топтық бәсекеде Хорватия, Бельгия және Канаданы артқа тастаған Марокко 1/8 финалда пенальти сериясында Испанияны жолдан тайдырды. Ширек финалда Порту­галиядан 1:0 есебімен басым түсті. Тек жартылай финалда Францияға, қола жүлде үшін бәсекеде Хорватияға есе жіберді. Осындай табысқа қол жеткізген марок­колықтарды мыңдаған жанкүйерлер ұлт батырлары ретінде қарсы алды. Ел астанасы Рабат көшесіндегі шеруден кейін футболшыларды аналарымен бірге Марокко королі Мохаммед VI қабылдап, құрмет көрсетті.

М.ХАҚНАЗАР