Месси «ПСЖ» клубында қалады
Месси «ПСЖ» клубында қалады
502
оқылды
Таяуда футболдан әлем чемпионы атанған Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Фран­ция­ның «ПСЖ» клубында қалатын болды. Championat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, клуб­пен келісімшарт мерзімі 2023 жылғы жазда аяқталуы тиіс болатын. Клуб президенті Нассер Аль-Хелаифи Қатардағы әлем чемпионаты кезінде Месси­дің әкесімен кездескен. Кездесу барысында Мессидің тағы бір маусымға қала­тыны жөнінде ауызша келісімге кел­ген. Ал Мессиге «Барселонаға» қайта оралу жөнінде ұсыныс түспепті. Оған қоса, әлем біріншілігінің жеңімпазы атанғаннан кейін Месси Чемпиондар лигасын тағы бір мәрте ұтқысы келеді. Бұл ретте «Барселона­мен» салыстырғанда, «ПСЖ» оның оң жамбасына келеді. Бұдан бұрын «Барселона» клубының президенті Жоан Лапорта Лионель Мессидің қайта оралуы жөніндегі мәселені талқылағысы келетіні туралы хабар тарал­ған еді.