"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 152-бабына сәйкес, өздерінің еңбекке жарамды ата-аналарынан, бірге туған кәмелетке толған еңбекке жарамды ағалары мен апаларынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж немерелер алимент төлеуге қажет қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар", – деп түсіндірді прокуратура өкілдері.Балалардың анасы борышкердің әкесінен (атасынан) немерелерін асырауға арналған алимент төлемдерін өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген. Петропавл №2 соты бұл өтінішті қанағаттандырды.
"Атасының зейнетақысынан ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш (30 630 теңге) көлемінде алимент өндіріледі", – деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері.