Петропавл тұрғындары жылудың күрт азайғандығын айтып шағымдануда
Петропавл тұрғындары жылудың күрт азайғандығын айтып шағымдануда
367
оқылды
Петропавлда тұрғындар пәтерлерінің күрт суығанын айтып, әлеуметтік желіде жарыса жариялады. Қалалықтар түнде батареяларынан шуылдың естілгенін айтуда. Петропавл тұрғындарының айтуынша, пәтерлердегі қол тигізбей тұрған батареялар түнгі сағат екілерден кейін суыған. Сондай-ақ жылыту құралынан түсініксіз шу естілген. Қазір қаланың кей аудандарындағы баспаналарда қоңыр салқын температура сақталған. СҚО прокуратурасы жағдайды түсіндірді.
«16 желтоқсан күні Петропавл тұрғындары пәтерлеріндегі батареядан  шуыл естілді. Оған сағат 2.30 шамасында 2-жылу электр орталығындағы турбина цехында 3 желілік сорғының техникалық сөндірілуі себеп. Стансаның персоналы негізгі қондырғыда тиісті ауыстырулар жасады. Сағат 4.40-та  гидравликалық режим қалпына келтірілді. Судың айналымы тоқтатылған жоқ», - делінген хабарламада.
Қазір жылу тасымалдаушыда 78 градусты көрсетіп тұр, ал норма 83 градус. Жылу біртіндеп көтеріліп жатыр.
«Құрметті қала тұрғындары! Сіздерден жалған ақпаратты таратпауға және тек қана ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - деді прокуратура өкілдері.