Зайсанның жаңа әкімі коронавирусқа байланысты халықтан кешірім сұрады
Зайсанның жаңа әкімі коронавирусқа байланысты халықтан кешірім сұрады
226
оқылды
«Дүйсенбі күні Шығыстағы  Зайсанға тағы да келемін» деген Даниал Ахметов сөзінде тұрып, бүгін таңертең Зайсан ауданына келді. Жай келмей, аудан әкімі қызметіне осыған дейін де Зайсан ауданында әкім болып 2010-2013 жылдары жемісті қызмет еткен Серік Зайнулдинді әкім етіп тағайындады. Ол осыған дейін жеті жыл бойы Қытаймен тағы бір шекаралық аудан Үржарды басқарған болатын. "Серік Зинабекұлының әкімдік қызметте тәжірибесі мол әрі ауданның экономикасын, әлеуметтік жағдайын, халқын жақсы біледі. Артылған сенімді толық ақтайды деп сенемін", - деді аймақ әкімі. Облыс басшысы ұсынған кандидатураны аудандық мәслихат депутаттары да бірауыздан қолдап, жаңа әкімнің жұмысына табыс тіледі. Депутаттар жаңа әкімнен қордаланған әлеуметтік, кадрлық, халықпен байланыс мәселелерін бірінші кезекте шешуді өтінді. Өз кезегінде Серік  Зайнулдин Зайсан  да коронавируске қатысты орын алған келеңсіз жағдайға байланысты Зайсан жұртының  атынан  әкімнен кешірім сұрады. ­– Маған үлкен сенім артып, туған жеріме әкім етіп тағайдағаныңыз үшін үлкен алғыс айтамын. Коронавирус туралы келеңсіз  жағдайға байланысты Сізден жерлестерімнің атынан басымды иіп кешірім сұраймын. Бар білімім мен тәжірибемді ауданның дамуына жұмсаймын, - деді Серік Зайнулдин. Ал коронавирус үшін әкімдік креслосынан айырылған Серік Ақтановтың әзірге қай қызметке барары белгісіз. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы