Интернет иістеніп кетті...
Интернет иістеніп кетті...
309
оқылды
Әйелі күйеуін тамаққа шақырып еді, ол жын­данып отыр екен. Орнынан ұшып тұрып, ары-бері жүрді. Жұдырығын түйіп, қабырғаны соққылады. Көздері түсіп қалардай, алайып кеткен. – Әй, не болды саған? – деді әйелі. – Мені маймыл дейтіндей, мені мал дейтіндей кім ол? – Бәсе, кім ол? – Е, қайдан білейін? – Білмесең, көрмесең, неменеге ашуланып, айдан секіріп кеткендей болып жүрсің? – Е, мына Еркебұлан Қиясов деген біреу. – Ол кім? – Білмеймін. – Білмесең неге ашуландың? – деп сұрады әйелі. – «Фейсбуктегі» парақшама «Кеше тойда діріл­деп биледім» деп жазғанмын ғой. Видеомен. Со­ның астына коммент жазыпты: – «Е, маймыл, мал, тойда дірілдеп билеген неңді алған? Осы сен­­дер сияқтылар билеген осы екен деп, далбаса­лап кетті!». – Ох, оңбаған! Менің күйеуімнің билегенінде қандай қақысы бар екен, и? – Мен сосын: «Маймылдың жиені! Аузыңды құлыптап, тыныш отыр!» – деп жазып жіберсем... – Ия? – «Сен сияқты сүмелектерге уақыт жоғалт­пай­мын!» – деп жазыпты. Сосын, көпке дейін жаз­бай қойды. Парақшасына кірсем, асаба ма, біреу әйтеуір. – Банға жібермедің бе? – Бан түгілі баняға да жібере салғым келіп тұр­ған. Тағы не жазады деген қызығушылық бол­ды ғой менде. Бір кезде, тағы жазды: Шіріген біреу­сің ғой сен. Интернетті сасытып. Иістеніп кетіп­сің. Тойда анайы билеген бейнеңді тез өшір!» – депті. – Ой, оңбаған. Бұйрық беретіндей ол кім еді сонша? – Ия, өзінше. Мен де қатырып, тіпті одан асырып жазып жібердім: «Ал сен менің сол сасы­ғымды иіскеме! Аузыңды жауып өтіп кет. Оқығың келмесе, көрпеңді бүркеніп, қатының-ның жа­нын­да жатып ал! Менде шаруаң болма-сын! Не жазсам да, өзім білемін». – Ол не деп жазды? – «Адам емес екенсің» дейді. – Банға тығып жіберсеңші. – Тығып тастайын десем, онымен ұрысқым, тіпті, өзін дуэльге шақырғым келіп кетті. Сосын, бы­лай жазыпты: «Е, мал, бір «удардан» қал-май­сың ғой!» депті. Мені төбелеске шақырып жатыр! – Барма! Шидейсің. Дәу біреу болса, қар-ны­мен-ақ, мыжып өлтіріп кетер! Құрысыншы! – Сосын мен: «Қай жерде кездесеміз?» – деп сұрап жаздым. – «Моланың жанында» депті. – Е , неге мола жанында? – деп сұрап жаздым та­ғы да. – «Сені өлтіріп, молаға көме салайын деп едім», – депті. Әйелінің қызығын көрмегір! – Жексұрын екен. Іші пысып отырған біреу бол­ды ғой. Қазіргі еркектер әйелден озған ұрыс­қақ. – Әйелдерің де оңып тұрған жоқ. – Е? – Бір әйел оны жақтап жазыпты: «Осындай жексұрындардың постын оқығым келмейді», –деп. Ой, жынымның келгені. Сосын, сол қа-тын­мен ұрысып, жаздым: «Кетші бар, құйыс­қанға қыс­тырылмай! Осы интернетте тек ажырас­қан әйел­дердің бәрі отыр. Ойына келгендерін жазып. Әжетханаға барып келгенін де жазады. Ажырас­қандар алаңы болды бұл «Фейсбук!» Мен жазсам, тойдағы қуанышымды бөліскім келді. Сенің не шаруаң бар, сайқал?». – Оған не жоқ десеңші? – деді әйелі де ашу­ланып. – Білмеймін ғой. «Сайқал» деп едім, ал кетті дейсің. Қарғап жатыр, қарғап жатыр. – Қарғысы кілт бұрылып, өзіне барсын! – Сосын мен: «Кімнің қатынысың?» – деп жаз­дым. «Жұмысың болмасын!» – деді ол. «Күйеуің­нің сілтемесін жіберші, «Қатыныңа абай бол­шы!» – деп жазайын» десем, мені банға тығып тастапты! Міне, құрметті оқырман, осылай бірін-бірімен «атысып», шатысып, балағаттасып жатқандар көбейді. Интернетте иман қалмады. Имансыз ин­тернетке айналып, иістеніп барады. Оны айта­сыз, анабір «ТикТок» деген пәлені көрсең шо­шисың. Жалаңаштанған қазақ қыздары эфирге шығып, құйрықтарын бұлғаңдатып... масқара енді. Бұрын батыс елдерінің әумесерлері жа­лаңаш­­танса, «Е, батыс қой» – дейтін де қоя­тын­быз. Енді, қазақ қыздары батысты басып озып бара­ды. Сол қара көздеріміздің ағасы, ата-анасы жоқ па деймін? Туыстарынан, достарынан ұял­майды ма деймін? Таза жетім қыздар ма? Түсін­сем, тілім тесік болсын! Мен ғой.