Шығыс Қазақстан тұрғындарына Ресейден көлік алуға көмектесетінін айтқан алаяқ 2,6 миллион теңге пайда тапқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Полиция департаментінің мәліметінше, қалалық ПБ Ертіс полиция бөлімінің тәртіп сақшылары Ресейден көлік алуға көмектесетінін айтып, тұрғындарды алдаған әйелді ұстады. 28 жастағы Өскемен тұрғыны 3 ұқсас қылмыс жасады деген күдік бар. Әйел адам Ресейден автокөлік жеткізіп беремін деп алдап, Глубокое ауданының тұрғындарынан шамамен 2 600 000 теңге ақша алған. Алайда арада біраз уақыт өткенде тұрғындар көлік алмаған. Ақшаны да қайтармаған. Алданып қалғанын түсінген олар полицияға хабарласқан. Факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.