Тимур Бекмамбетов Ресейдегі бизнесін сатып жіберді
Тимур Бекмамбетов Ресейдегі бизнесін сатып жіберді
Фото: kino-teatr.ru
472
оқылды
Bazelevs киностудиясының бас продюсері әрі коммерциялық директоры Лала Рустамова мен Тимур Асадов компанияны Тимур Бекмамбетовтен сатып алды. Мәміле коммерциялық шарттармен жасалды. Енді 2023 жылдың басында киностудияда ребрендинг жасалмақ. Бұл туралы РБК агенттігіне сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_233240" align="aligncenter" width="1850"]Рисунок7 Бекмамбетов 2006 жылы Bazelevs Лос-Анджелесте өкілдігін тіркеді. Бірақ ол жеке компания болып саналады. Голливудта «Өте қауіпті, «Президент Линкольн: вампирлер аңшысы» және «Хардкор» сияқты фильмдер түсірілді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] РБК-ға берген ақпаратында Рустамова мәміле «коммерциялық сипатта жасалды және нарықтық шарттармен бекітілгенін» айтқан.
«Бұл мәмілені жасауға қаржыны 2022 жылғы барлық кіріс қамтылады. Бірінші кезекте, «Елки 9» және басқа фильмдерден, оларды телеарналар мен VOD платформаларда (онлайн кинотеатрлар, ағындық және басқа интернет платформалар) тарату құқықтарын сатудан түскен қаржылар», – деп түсініктеме берген компанияның жаңа иесі. Бірақ келісімшарттың нақты сомасын атамаған.
[caption id="attachment_233241" align="aligncenter" width="1129"]Рисунок8 Отандасымыз Тимур Бекмамбетов Bazelevs компаниясын 1994 жылы құрған. 2004 жылы кинокомпания түсірген «Түнгі күзет» фильмі сол жылы ең көп табыс әкелген картина аталып, 26 миллион доллар жинады. Графика cinemaplex.ru сайтынан алынды[/caption] Отандасымыз Тимур Бекмамбетов Bazelevs компаниясын 1994 жылы құрған. 2004 жылы кинокомпания Сергей Лукьяненконың романы желісі бойынша «Түнгі күзет» фильмін түсірді.  Фильм сол  жылы ең көп табыс әкелген картина аталып, 26 миллион доллар жинады.
Компания сонымен қатар «Елки және «Горько!» сияқты фильмдер сериясын жасады. 2006 жылы Bazelevs Лос-Анджелесте өкілдігін тіркеді. Бірақ ол жеке компания болып саналады.
Оның қатысуымен Голливудта «Өте қауіпті, «Президент Линкольн: вампирлер аңшысы» және «Хардкор» сияқты фильмдер шықты. Пандемияға қарамастан Bazelevs үшін 2021 жыл да табысты болды. Компанияның кірісі 239 миллион рубль, таза пайда – 10,8 миллион рубльге жетті. [caption id="attachment_233242" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок9 Киностудияның негізін қалаушы Бекмамбетов ресейлік бизнестен толығымен кетті, қазір ол «Қожа Насреддин» анимациялық фильмінің жалдамалы режиссері және сценарист болып жұмыс істейді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Мәміле тек Bazelevs ресейлік заңды тұлғасына қатысты. Оған орыс тіліндегі контентке барлық құқық берілді. Енді Рустамова мен Асадов екеуі компаниядағы тең үлеске ие болады: әрқайсысы 50%-дан. Мәміле нәтижесінде Рустамова бас продюсер лауазымын сақтап қалды және оның міндеттеріне компанияның жобалық стратегиясы, жаңа командаларды тарту және стратегиялық шешімдер кіреді. Асадов бас директор қызметіне кірісіп, Bazelevs жедел басқаруына жауапты болады.
Киностудияның негізін қалаушы Бекмамбетов ресейлік бизнестен толығымен кетті, қазір ол «Қожа Насреддин» анимациялық фильмінің жалдамалы режиссері және сценарист болып жұмыс істейді. Бірақ америкалық өндіріс Бекмамбетовте қалады және Лос-Анджелесте жұмысын жалғастырады. Келесі жылы ресейлік те, америкалық та компания аттарын өзгертіп, ребрендинг жасайды деп күтілуде. Жақын арада «Тимур Бекмамбетовтің студиясы» деген ескерту де Bazelevs сайтынан алынып тасталады.
«Ресейдегі Bazelevs-ті сату туралы шешім «бірнеше жыл бұрын» пайда болған», – дейді Рустамова. Мәлімдемеде Бекмамбетовтің компанияны оперативті басқарудан босап, шығармашылыққа ауысуы – режиссура мен сценарийлік жұмыстарға барынша ден қоюға деген ниетпен жасалғаны айтылады.