Алматы облысында такси жүргізушісін 37 жерден пышақтаған күдікті ұсталды
Алматы облысында такси жүргізушісін 37 жерден пышақтаған күдікті ұсталды
Фото: yandex.kz
409
оқылды
Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 37 жерден пышақталған ер адамның мәйіті табылған. 17 желтоқсанда полицияға Кеңдала ауылының шетінде ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен, 18 желтоқсанда мәйіттен 1 200 метр жерден марқұмның көлігі табылды. Ол жолаушы тасымалдаған.
«Күдікті қылмысты алдын ала егжей-тегжейлі ұйымдастырған. Бір реттік абоненттік нөмір, ұялы телефон және сапалы қару пайдаланған. Қылмыс жасауға болатын және ол жерден ізін жасыратын орынды білген. Күдікті бір аптадан кейін Алматыда ұсталды. Заттай айғақ, дәлелмен Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қылмыс кезінде киген қан іздері бар киім, бәкі тәркіленді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне қарай жария етуге жатпайды» делінген полицейлердің ресми мәлімдемесінде.