Алматыда мешіттердің бірінде екі адам ұрлық жасаған
Алматыда мешіттердің бірінде екі адам ұрлық жасаған
275
оқылды
Алматыдағы үлкен мешіттерде ұрлық жасап келген екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды  Polisia.kz. Полицейлер Алматының бір ғана Бостандық ауданындағы мешітте жасалған 7 ұрлықтың қалай болғанын анықтаған. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 және 34 жастағы жұмыссыз ер адамдар ұсталды. К. есімді азаматтың 5 қылмысқа қатыстылығы дәлелденді, оның қасындағы Е.есімді азамат заңсыз әрекеттердің екі дерегін жасаған. Екі айыпталушы да шаһардың ірі мешіттерінің бірінде бірнеше ұрлық жасаған. Зардап шеккендердің айтуынша, олар намаз кезінде телефондарын аяқтарының астына еденге қойған. Намаздан кейін телефондарын жоғалтқанын байқаған. Ұсталғандар ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Олар өз кінәларын мойындап, істеген істеріне өкінді», - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев. Бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді. Күдіктілердің қаланың басқа да аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.