Доллар бағамы 0,75 теңгеге төмендеді
Доллар бағамы 0,75 теңгеге төмендеді
Фото: yakutsk.ru
216
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,75 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460,62 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 27 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461,10 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 463 теңге, сатып алу – 467 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 462,5 теңгеден болса, сатып алу – 465,5. Ресей рублі 6,25 – 6,55 теңге аралығында саудаланып жатыр. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 27 желтоқсан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,74 теңге болды.