Оралда «Кублей» зауытына қатысты сот шешімі шықты
Оралда «Кублей» зауытына қатысты сот шешімі шықты
434
оқылды
Соттың баспасөз қызметі «Кублей» ЖШС ісі бойынша мынадай мәлімет таратты. БҚО МАЭС «Кублей» ЖШС-нің Орал қаласының әкіміне, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне әкімдіктің шешімдерін заңсыз деп тану туралы талап арызын қарады. Орал қаласы, Циолковский көшесі, 1 мекенжайы бойынша тұрғын үй ғимараттарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы;
  • жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту;
  • өнеркәсіптік және санитарлық-қорғаныс аймақтарында тұрғын үйлерді салу кезінде бақылауды жүзеге асырмау әрекеттерін заңсыз деп тану және нысаналы мақсатын өзгертуге келісу.
Сот сенімді түрде анықтады:
  • Талапкердің өзі санитарлық қорғау аймағын белгілемеген.
  • Талапкер «Ирменов» ЖК даулы 5 қабатты үйлер бой көтерген жер теліміне қатысты қосалқы мердігер болып табылмайды.
  • Зауыттың 600 жұмысшысы мен 3 мың шаруа қожалығы жұмыссыз қалады деген уәжі негізсіз.
Өйткені зауыттың негізгі өндірісі даулы аймақтың жанында емес, қала сыртында орналасқан. Даулы аймақта орналасқан:
  • зауыт кеңсесі,
  • қоймалар,
  • 1 өндірістік цех,
  • теміржол төсемі,
Сот мынадай қорытындыға келді: жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту қаланың Бас жоспарының тұжырымдамасына сәйкес жүргізілгендіктен, тұрғын үйлерді салу талапкердің (зауыттың) ешбір құқығын бұзбайды. Зауыттың:
  • Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық эпидемиологиялық станциясы,
  • Құрылыс бойынша комитеттің қорытындысы;
  • Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемелерінің жауаптарына сілтемелері де дәрменсіз:
Санитарлық ережелерді бұза отырып, ЖШС өзі 2015 жылы зауытты пайдалануға беру кезінде жобалық-техникалық құжаттамада санитарлық-қорғау аймағының болуын көрсетпеген. Осы уақытқа дейін олардың шекарасын белгілеу бойынша шаралар қабылданбаған, сондықтан зиянды шығарындылардың көзі анықталмаған. Осыны ескере отырып, сот ЖШС-нің талаптарын қанағаттандырудан бас тартты. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.